Жоғары

Төменгі лауазым болып табылмайтын«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орнына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы«Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-нің хабарламасы

Ваш браузер сильно устарел. Это может повлиять на работоспособность нашего сайта. Попробуйте обновить его до последней версии или скачать другой современный браузер. Что такое браузер?

Microsoft Internet Explorer
Mozilla Firefox
Google Chrome
Apple Safari


Больше не показывать это сообщение

Төменгі лауазым болып табылмайтын«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орнына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы«Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-нің хабарламасы

print

Төменгі лауазым болып табылмайтын«Б» корпусының әкімшілік

мемлекеттік лауазымының бос орнына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы

«Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-нің  

хабарламасы

 

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

D-О-2 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану,адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау,көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарданемесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынантөмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдардамемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4,C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттікәкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттікқызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінденемесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскерибасқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарынданемесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетінбасым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы

6) ғылыми дәрежесі;

7) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болыптабылмайтын басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №289 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар).

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

D-О-2

163166

220681

 

 «Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» MM (100008, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13, анықтама телефондары: 8 (7212) 41-07-34,факс: 8 (7212)41-07-34;электрондық пошта:S.Dikanbaeva@karaganda-region.gov.kzмемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға конкурс жариялайды:

«Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы»ММ басшысының орынбасары (1 бірлік,
№ 2,D-О-2 санаты).

Функционалдық міндеттері:Республикалық және облыстық бюджет қаржысы есебінен даму бағдарламасы бойынша нысандарды жобалау, салу және қайта жаңарту бойынша орындалған жұмыстарды, құрылыс-монтаждық жұмыстарды өндіру сапасына және нысанды пайдалануға беру мерзімдеріне бақылау жасау және қабылдауды жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыру. Белгіленген нысандарды жобалауға тапсырманы бекіту. Құрылыс-монтаждық жұмыстар өндірісінің кестесін бекіту. Техникалық кеңестердің, оның ішінде жоба-сметалық құжаттаманың бұрын бекітілген жоба шешімдеріне (түзету) өзгерістер енгізу бойынша қабылданған шешімдердің хаттамаларын бекіту. Салынған нысанды пайдалануға беруді қабылдау актісін бекіту. Мемлекеттік сәулет-құрылыстық бақылау және қадағалау органдарының нұсқамаларын орындауды қамтамасыз етеді. Қала мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарына құрылыс нысандарын беруді уақтылы қабылдауға бақылау жасау. Нысандарды салу бойынша жұмыстарын мемлекеттік сатып алуға сәйкес мердігер жұмыстарын жеткізушілердің қызметін үйлестіру. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыруды бағалау және бюджеттік қаржылардың игерілуі бойынша есептерді, ақпараттарды және баяндамаларды жоғары тұрған мекемелерге дайындалуын бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі –жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша (құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрастырылымдарын өндіру),Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Бюджеттік кодексін және осы санаттың нақты қызмет лауазымына сәйкес саласында қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан–2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар

1) Нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен бекітілген нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Жоғарыда көрсетілген құжаттар осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы»ММ-неқұжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде «Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы»ММ-не электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы»ММ-деөтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан

Республикасы Парламентінің жәнебарлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган) 

 

Өтініш

 

Мені________________________________________________________

____________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

   Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

   Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс

телефоны___________________________________

__________________________________________________________________

________            ____________________________________

(қолы)                 (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

 

Форма      

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

_____________________________________________
тегі, аты  және әкесінің аты (болғанжағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлітүсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

Туған күні және жері/
Дата и место рождения

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

 -

Оқуорнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 -

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылымидәрежесі, ғылымиатағы(болғанжағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

Шетелтілдерін білуі/
Владение иностранными языками

Мемлекеттік наградалары, құрметтіатақтары (болған жағдайда)/
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайыатақтары, сыныптықшені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізі(болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жылсайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егерүш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері/должность, место работы, местонахождение организации

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

_____________________
Кандидаттыңқолы/
Подпись кандидата

 

_______________
күні/дата


Құрылу мерзімі: 21.06.2019 00:00
Соңғы өзгертілген уақыт: 23.06.2019 13:11

Келулердің саны: 293

Танымал беттер
Соңғы мақала
05.07.2019

Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ басқарушылық лауазым болып табылатын «Б» корпусының…


05.07.2019

«Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ әкімшілік мемлекеттік лауазымның бос орынына әңгімелесуге…


21.06.2019

 «Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ конкурстық комиссия мәжілісінің № 1 хаттамасынан Үзінді…


21.06.2019

Объявление ГУ «Управление строительства, архитектуры и градостроительства Карагандинской области» о проведении общего…


21.06.2019

Төменгі лауазым болып табылмайтын«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орнына орналасуға жалпы конкурс өткізу…


13.06.2019

«Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ конкурстық комиссия мәжілісінің № 1 хаттамасынан Үзінді…


07.06.2019

«Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ барлық мемлекеттік мекемелерінің мемлекеттік қызметшілері…


04.06.2019

Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ Төменгі лауазымдар болып табылатын «Б» корпусының…


15.05.2019

«Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ конкурстық комиссия мәжілісінің № 1 хаттамасынан Үзінді…


01.04.2019

«Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының уақытша бос…


Соңғы суреттер

  • Цирк, улица комиссарова, город Караганда
  • Цирк, улица комиссарова, город Караганда
  • Центральный городской парк, город Караганда
  • Центральный Универмаг, проспект Бухаржырау, город Караганда
  • Центр бокса имени Серика Сапиева, проспект Республики, город Караганда

Ақпараттық қамбалар