Жоғары

«Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ барлық мемлекеттік мекемелерінің мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама

Ваш браузер сильно устарел. Это может повлиять на работоспособность нашего сайта. Попробуйте обновить его до последней версии или скачать другой современный браузер. Что такое браузер?

Microsoft Internet Explorer
Mozilla Firefox
Google Chrome
Apple Safari


Больше не показывать это сообщение

«Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ барлық мемлекеттік мекемелерінің мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама

print

«Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ барлық мемлекеттік мекемелерінің мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

D-О-2 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану,адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау,көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарданемесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынантөмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдардамемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4,C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінденемесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскерибасқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарынданемесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетінбасым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы

6) ғылыми дәрежесі;

7) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болыптабылмайтын басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №289 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар).

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

D-О-2

163166

220681

 

 «Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» MM (100008, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13, анықтама телефондары: 8 (7212) 41-07-34,факс: 8(7212)41-07-34;электрондық пошта:S.Dikanbaeva@karaganda-region.gov.kzмемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға конкурс жариялайды:

«Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы»ММ басшысының орынбасары (1 бірлік,
№ 2,D-О-2 санаты).

Функционалдық міндеттері: Республикалық және облыстық бюджет қаржысы есебінен даму бағдарламасы бойынша нысандарды жобалау, салу және қайта жаңарту бойынша орындалған жұмыстарды, құрылыс-монтаждық жұмыстарды өндіру сапасына және нысанды пайдалануға беру мерзімдеріне бақылау жасау және қабылдауды жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыру. Белгіленген нысандарды жобалауға тапсырманы бекіту. Құрылыс-монтаждық жұмыстар өндірісінің кестесін бекіту. Техникалық кеңестердің, оның ішінде жоба-сметалық құжаттаманың бұрын бекітілген жоба шешімдеріне (түзету) өзгерістер енгізу бойынша қабылданған шешімдердің хаттамаларын бекіту. Салынған нысанды пайдалануға беруді қабылдау актісін бекіту. Мемлекеттік сәулет-құрылыстық бақылау және қадағалау органдарының нұсқамаларын орындауды қамтамасыз етеді. Қала мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарына құрылыс нысандарын беруді уақтылы қабылдауға бақылау жасау. Нысандарды салу бойынша жұмыстарын мемлекеттік сатып алуға сәйкес мердігер жұмыстарын жеткізушілердің қызметін үйлестіру. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыруды бағалау және бюджеттік қаржылардың игерілуі бойынша есептерді, ақпараттарды және баяндамаларды жоғары тұрған мекемелерге дайындалуын бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі –жоғары «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша (құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрастырылымдарын өндіру),Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Бюджеттік кодексін және осы санаттың нақты қызмет лауазымына сәйкес саласында қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан–2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күніненбастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-де өтеді. Аталмыш лауазымға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясыныңотырысынабайқаушыларретіндеҚазақстанРеспубликасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурскомиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

 

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені________________________________________________________

__________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуконкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсөткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін жәнеорындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыстелефоны____________________________

_______________________________________________________________

 

________            ____________________________________

(қолы)                 (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 ____ ж.


Құрылу мерзімі: 07.06.2019 00:00
Соңғы өзгертілген уақыт: 19.06.2019 09:16

Келулердің саны: 316

Танымал беттер
Соңғы мақала
05.07.2019

Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ басқарушылық лауазым болып табылатын «Б» корпусының…


05.07.2019

«Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ әкімшілік мемлекеттік лауазымның бос орынына әңгімелесуге…


21.06.2019

 «Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ конкурстық комиссия мәжілісінің № 1 хаттамасынан Үзінді…


21.06.2019

Объявление ГУ «Управление строительства, архитектуры и градостроительства Карагандинской области» о проведении общего…


21.06.2019

Төменгі лауазым болып табылмайтын«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орнына орналасуға жалпы конкурс өткізу…


13.06.2019

«Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ конкурстық комиссия мәжілісінің № 1 хаттамасынан Үзінді…


07.06.2019

«Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ барлық мемлекеттік мекемелерінің мемлекеттік қызметшілері…


04.06.2019

Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ Төменгі лауазымдар болып табылатын «Б» корпусының…


15.05.2019

«Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ конкурстық комиссия мәжілісінің № 1 хаттамасынан Үзінді…


01.04.2019

«Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының уақытша бос…


Соңғы суреттер

  • Цирк, улица комиссарова, город Караганда
  • Цирк, улица комиссарова, город Караганда
  • Центральный Универмаг, проспект Бухаржырау, город Караганда
  • Центр бокса имени Серика Сапиева, проспект Республики, город Караганда
  • Центральный городской парк, город Караганда

Ақпараттық қамбалар