Жоғары

Төменгі лауазым болып табылатын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» MM -нің хабарламасы

Ваш браузер сильно устарел. Это может повлиять на работоспособность нашего сайта. Попробуйте обновить его до последней версии или скачать другой современный браузер. Что такое браузер?

Microsoft Internet Explorer
Mozilla Firefox
Google Chrome
Apple Safari


Больше не показывать это сообщение

Төменгі лауазым болып табылатын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» MM -нің хабарламасы

print

Төменгі лауазым болып табылатын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы  «Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» MM -нің хабарламасы

 

   Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

D-О-4 санаты үшін: Жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы № 98 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар).

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлық ақылары:

Санат

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық айлық ақы

 

min

max

D-О-4

83 282

112 430

 «Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» MM (100008, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13, анықтама телефондары: 8 (7212) 41-28-05, факс:        8 (7212) 41-07-34; электрондық пошта: s.uteshova@karaganda-region.gov.kz мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:

         1. «Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ жоба-сметалық құжаттама бөлімінің бас маманы  (1 бірлік, № 7-1-1, санаты D-О-4).

Функционалдық міндеттері: Республикалық және облыстық бюджет қаржысы есебінен салынатын коммуналдық меншік және инженерлік коммуникация нысандары бойынша әзірленетін ЖСҚ қарастыру және тексеру. Коммуналдық меншік және инженерлік коммуникация нысандарын салу және жоба жұмыстары үшін бастапқы деректерді тексеру бойынша қала мен ауданның сәулет органдарымен жұмыстарды жүргізу. Коммуналдық меншік нысандарын жобалау бойынша конкурсқа техникалық спецификацияны дайындау. Бюджет есебінен қаржыланатын даму бағдарламасы бойынша жобалардың мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысы бар ЖСҚ қабылдау бойынша жоба ұйымдарымен жоба-сметалық құжаттамаларды жобалау процесстерін басқару жұмыстарына қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша (құрылыс, құрылыс материалдарының, бұйымдарының және құрастырмаларының өндірісі), «Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін және құрылыс саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан–2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

2. «Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ жедел басқару және орындалған жұмыстарды қабылдау бөлімінің бас маманы (1 бірлік, № 10-1-2, санаты D-О-4).

Функционалдық міндеттері: Мердігер жұмыстарын мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа бастапқы деректерді дайындауға қатысу. Атқарушылық, техникалық құжаттамаларды, құрылыс жұмыстарын өндіруге рұқсат құжаттамаларды ресімдеу. Республикалық және облыстық бюджет қаржысы есебінен қаржыланатын даму бағдарламасына енгізілген коммуналдық меншік бекітілген нысандарының құрылыс барысына бақылауды қамтамасыз ету. Орындалған жұмыстардың көлемдерін қабылдау және құрылыс сапасы мен мерзімдеріне, бекітілген нысандарды салу және қайта жаңарту барысына техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыруды ұйымдастыру. Бюджет қаржысын игеру, нысанды пайдалануға қабылдау бойынша жұмыстарды, мердігер ұйымдарының жұмыстарының өндіріс кестесіне сәйкестігін ұйымдастыру, жергілікті атқарушы органдардың салынған нысанды қабылдау тапсыруын ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша (құрылыс, құрылыс материалдарының, бұйымдарының және құрастырмаларының өндірісі) «Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін және құрылыс саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан–2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

3. «Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ қалалар мен аудандарды дамыту бағдарламасы бойынша мониторинг бөлімінің бас маманы (1 бірлік, № 11-1-1, санаты D-О-4, 2020 жылғы 12 шілдеге дейін негізгі қызметшінің бала күтіміне арналған демалыс мерзіміне).

Функционалдық міндеттері: Өңірлерді дамытуға жіберілген бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша мониторинг жүргізу, оның ішінде: тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылым нысандарын салу және қайта жаңарту, Республикалық және жергілікті бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен қаржыланатын нысандар бойынша бюджеттік қаржыны уақтылы игеруге қатысты облыстың қала мен аудан әкімдіктерімен өзара іс-әрекет жасау. Мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру мәселелері бойынша облыстың жергілікті атқарушы органдармен жалпы үйлестіруді жүзеге асыру. Азаматтық қорғау аясында инженерлік қызмет жұмыстарын ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша (құрылыс, құрылыс материалдарының, бұйымдарының және құрастырмаларының өндірісі) «Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін және құрылыс саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан–2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)  уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш;

2)  3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3)  бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4)  еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жоғарыда көрсетілген құжаттар осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап  7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар  «Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» MM құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «E-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде  «Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» MM электрондық почтасы не «E-gov» электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн «Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» MM өтеді. Аталмыш лауазымға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жарияланған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және маслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

 

 

 Нысан

 

________________________
(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

Мені_________________________________________________________
__________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуконкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттікәкімшілік лауазымынаорналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, оларменкелісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

     

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
__________________________________________________________

 

________                                   ____________________________________
  (қолы)                                            (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

Нысан

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

 

Туған күні жәнежері/
Дата и место рождения

 

 

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

 

 

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

 

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы(болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

 

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

 

 

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

 

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені(болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

 

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі(болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

 

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жылсайынғы бағалаукүні мен нәтижесі, егерүшжылдан кем жұмысістегенжағдайда, нақтыжұмысістегенкезеңіндегібағасыкөрсетіледі (мемлекеттікәкімшілікқызметшілертолтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

 

Күні/Дата

қызметі, жұмысорны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

 

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 

 

_________________

Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

 _______________

күні/дата

 

 

  


 

 

 

 

 

 

 

 




Құрылу мерзімі: 10.04.2018 00:00
Соңғы өзгертілген уақыт: 17.04.2018 13:32

Келулердің саны: 622

Танымал беттер
Соңғы мақала
07.11.2018

Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы»ММ , төменгі лауазым болып табылатын «Б» корпусының…


20.04.2018


20.04.2018

«Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына…


16.04.2018

Төменгі лауазым болып табылатын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымның бос орынына орналасуға жалпы конкурс өткізу…


10.04.2018

Төменгі лауазым болып табылатын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс…


15.02.2018


11.02.2018

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Қазақстан Республикасының Үкiметi ресми сайты  Қазақстан Республикасының…


15.06.2017

1424 Call орталығы  (mp4 файл - 4.18 мб) Біз дайынбыз Ал сіздер ше!-  (mp4 файл - 11.9 мб) Жемқорлық жайлы хабарлап, сыйақы ал!-  (mp4 файл - 4.64 мб) …


17.02.2017

 Әбдібеков қарағандылықтарды жерге қатысты алыпсатарлықпен айналыспауға шақырды  Кәсіпкерлер үшін көкейкесті болып табылатын…


17.02.2017

 Сәтбаев елді мекендерінде опырылған аумақтың тұрғындарын көшіру үшін биыл бес қабатты 25 тұрғын үй салынады  Сәтбаевта мыс кен…


Соңғы суреттер

  • Цирк, улица комиссарова, город Караганда
  • Цирк, улица комиссарова, город Караганда
  • Центр бокса имени Серика Сапиева, проспект Республики, город Караганда
  • Центральный городской парк, город Караганда
  • Центральный Универмаг, проспект Бухаржырау, город Караганда

Ақпараттық қамбалар