Жоғары

07-Ақпан-2017 - Облыс әкімі кәсіпкерлермен кездесті. Облыста биыл бизнесті қолдауға 4 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді

Ваш браузер сильно устарел. Это может повлиять на работоспособность нашего сайта. Попробуйте обновить его до последней версии или скачать другой современный браузер. Что такое браузер?

Microsoft Internet Explorer
Mozilla Firefox
Google Chrome
Apple Safari


Больше не показывать это сообщение

07-Ақпан-2017 - Облыс әкімі кәсіпкерлермен кездесті. Облыста биыл бизнесті қолдауға 4 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді

print
Құрылу мерзімі: 07.02.2017 00:00
Соңғы өзгертілген уақыт: 20.02.2017 16:28

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков кәсіпкерлермен стратегиялық міндеттерді шешуде билік пен бизнестің бірігуін талқылады.

 

Кездесуге аймақтық Кәсіпкерлер кеңесінің мүшелері, прокуратура өкілдері, облыс әкімінің орынбасары, облыстық басқармалардың басшылары қатысты.

«Облыста 85-тен артық кәсіпкерлік субъектісі бар. Шағын және орта бизнес саласында өндіріс көлемдері жыл сайын артып келеді», – деді Нұрмұхамбет Әбдібеков.

2016 жылы «Бизнестің жол картасы - 2010» бірыңғай бағдарламасы республикалық бюджет және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры есебінен 262 жобаға 26,6 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілді. Бағдарламаның жалпы портфелі 128,2 млрд теңге мөлшерінде 1150 жобаны құрайды. Бұл республика бойынша бесінші нәтиже.

Жұмыспен қамту жол картасы мен Бизнестің жол картасы бойынша 2016 жылы кәсіпкерлер өз істерін дамыту үшін 1,9 млрд теңге көлемінде 698 шағын несие алды.

Кездесу барысында 2017 жылы облыста бизнесті қолдауға 4 млрд теңгеден астам қаржы бөлінгені мәлім болды. 700 артық кәсіпкерге шағын несиелер беріледі. Сонымен қатар, биыл шағын және орта бизнесті жеңілдікті несиелеудің жаңа өңірлік бағдарламасы басталады.

Аймақ басшысы кездесуде мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту мәселесін көтерді. Бұл тұрғыда позицияларды күшейту керек, дейді Нұрмұхамбет Әбдібеков. Облыс әкімі бизнесмендерді республикамыздың өзге аймақтарының сәтті тәжірибелерін зерттеп, МЖӘ механизмінің кідіруінің себептерін бірлесе талдауға шақырды.

«МЖӘ дамыту мәселелерін жүйелі түрде қарау керек», – дейді аймақ басшысы. Ол бизнесті конструктивті ынтымақтастыққа шақырды.

Кездесуде Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Мәдениет Божбанов баяндама жасады. Ол бизнес тап болатын проблемаларға тоқталды.

Кәсіпкерлер құқық қорғау органдарымен және соттармен қарым-қатынасқа, монополистерге шағымданды. Жер проблемалары өзекті болып қалады. Жағдайды пайдалана отырып, кездесуге қатысушылар облыс басшылығына өз сұрақтарын қойды.

«Әрине, бұл мәселелерді шешу керек. Бірақ Кәсіпкерлер палатасы бастамашы ғана болмауы керек. Фундаменталды әрекет ету керек – заңнаманы өзгерту және т.б. деңгейде шешімдер ұсыну керек. Әйтпесе, сол мәселелер жылдан жылға қалып отырады», – деді Нұрмұхамбет Әбдібеков.

Сонымен қатар, жеке сұрақтар да назардан тыс қалмады. Аймақ басшысы облыстық кәсіпкерлік басқармасына мәселелерді шешуді тапсырды.


Келулердің саны: 1717

Танымал беттер
Соңғы мақала
05.07.2019

Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ басқарушылық лауазым болып табылатын «Б» корпусының…


05.07.2019

«Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ әкімшілік мемлекеттік лауазымның бос орынына әңгімелесуге…


21.06.2019

 «Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ конкурстық комиссия мәжілісінің № 1 хаттамасынан Үзінді…


21.06.2019

Объявление ГУ «Управление строительства, архитектуры и градостроительства Карагандинской области» о проведении общего…


21.06.2019

Төменгі лауазым болып табылмайтын«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орнына орналасуға жалпы конкурс өткізу…


13.06.2019

«Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ конкурстық комиссия мәжілісінің № 1 хаттамасынан Үзінді…


07.06.2019

«Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ барлық мемлекеттік мекемелерінің мемлекеттік қызметшілері…


04.06.2019

Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ Төменгі лауазымдар болып табылатын «Б» корпусының…


15.05.2019

«Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ конкурстық комиссия мәжілісінің № 1 хаттамасынан Үзінді…


01.04.2019

«Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының уақытша бос…


Соңғы суреттер

  • Цирк, улица комиссарова, город Караганда
  • Цирк, улица комиссарова, город Караганда
  • Центральный Универмаг, проспект Бухаржырау, город Караганда
  • Центр бокса имени Серика Сапиева, проспект Республики, город Караганда
  • Центральный городской парк, город Караганда

Ақпараттық қамбалар