Жоғары

Әбдібеков қарағандылықтарды жерге қатысты алыпсатарлықпен айналыспауға шақырды

Ваш браузер сильно устарел. Это может повлиять на работоспособность нашего сайта. Попробуйте обновить его до последней версии или скачать другой современный браузер. Что такое браузер?

Microsoft Internet Explorer
Mozilla Firefox
Google Chrome
Apple Safari


Больше не показывать это сообщение

Әбдібеков қарағандылықтарды жерге қатысты алыпсатарлықпен айналыспауға шақырды

print
Құрылу мерзімі: 17.02.2017 00:00
Соңғы өзгертілген уақыт: 20.02.2017 16:03

 Әбдібеков қарағандылықтарды жерге қатысты алыпсатарлықпен айналыспауға шақырды

 Кәсіпкерлер үшін көкейкесті болып табылатын жер мәселесі «Қазақстан Қарағанды» телеарнасында Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековпен өткен тікелей эфирде де көтерілді.

«Бұрын жер учаскелері түрлі мақсатта берілетін. Содан кейін мүлдем басқа нысандар қарастырылған жерлерді толық жобалау жоспары қабылданды. Енді не істейміз?» - деп сұрады телекөрермен аймақ басшысынан.

«Жағдай былай: Қаланың бас жоспары әзірленді, ал толық жоспарлау жобасы болмаған. Бұл ретте қала басшылығы жер учаскелерін үлестірді. Толық жоспарлау жобасы әзірленіп, бекітілгеннен кейін проблемалар туындай бастады», - деді Нұрмұхамбет Әбдібеков.

Оның мәліметінше, ондай жағдайлардың саны 70-тен асады.

«Қала әкімі баяндағандай, оның бір бөлігі шешілді. Қалғаны жағдайға қарай шешілетін болуы мүмкін», - деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі мұндай жағдайға тап болғандарға қалалық әкімдікке немесе Кәсіпкерлер палатасына жүгіну қажет екендігін атап өтті. Келіссөздер арқылы шешімін табуға немесе мақсатты тағайындалуын өзгертуге, не болмаса басқа жерден осы сияқты жер учаскесін қарастыруға болады, дейді облыс әкімі.

«Әрине, біз қала тұрғындарының шағын және орта бизнесті дамытуға қатысуларына, өздерінің кәсіпкерлік идеяларын іске асыруларына мүдделіміз. Ескерте кететін бір жайт, жер учаскелері саудаға салынбасын, - деді Нұрмұхамбет Әбдібеков. – Кейбіреулері бұрын алған жерді құрылыс салуға рұқсаты бар деген сылтаумен оны үшінші тұлғаларға сатпақ болады. Ал ондай рұқсат болмаған. Шатастырады. Осы кезде үшжақты дау туындайды».

 


Келулердің саны: 1271

Танымал беттер
Соңғы мақала
07.11.2018

Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы»ММ , төменгі лауазым болып табылатын «Б» корпусының…


20.04.2018


20.04.2018

«Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына…


16.04.2018

Төменгі лауазым болып табылатын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымның бос орынына орналасуға жалпы конкурс өткізу…


10.04.2018

Төменгі лауазым болып табылатын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс…


15.02.2018


11.02.2018

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Қазақстан Республикасының Үкiметi ресми сайты  Қазақстан Республикасының…


15.06.2017

1424 Call орталығы  (mp4 файл - 4.18 мб) Біз дайынбыз Ал сіздер ше!-  (mp4 файл - 11.9 мб) Жемқорлық жайлы хабарлап, сыйақы ал!-  (mp4 файл - 4.64 мб) …


17.02.2017

 Әбдібеков қарағандылықтарды жерге қатысты алыпсатарлықпен айналыспауға шақырды  Кәсіпкерлер үшін көкейкесті болып табылатын…


17.02.2017

 Сәтбаев елді мекендерінде опырылған аумақтың тұрғындарын көшіру үшін биыл бес қабатты 25 тұрғын үй салынады  Сәтбаевта мыс кен…


Соңғы суреттер

  • Цирк, улица комиссарова, город Караганда
  • Цирк, улица комиссарова, город Караганда
  • Центр бокса имени Серика Сапиева, проспект Республики, город Караганда
  • Центральный городской парк, город Караганда
  • Центральный Универмаг, проспект Бухаржырау, город Караганда

Ақпараттық қамбалар